АҚШ-тағы "11 қыркүйектегі" лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырушылар өлім жазасынан құтылуы мүмкін

Сурет: pixabay
2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористік актілерді ұйымдастырды деп айыпталған үш адам кінәсін мойындап, өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айыру шартына келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАССтың ақпаратынша, келісім 11 қыркүйектегі шабуылдардың негізгі ұйымдастырушысы Халид Шейх Мұхаммед пен оның екі серігіне қатысты.

Өлім жазасын жоюдың орнына үш айыпталушы 2 976 адамды өлтіруді қоса алғанда, барлық қылмыстары үшін кінәсін мойындауға келісті. Олар келесі аптада кінәні ресми түрде мойындайды.

Қазір айыпталушылар Кубадағы Гуантанамо түрмесінде.

2001 жылы 11 қыркүйекте таңертең 19 содыр төрт жолаушы ұшағын айдап әкетіп, тарихта ең ірі теракт жасады. Террорлық актілерден барлығы үш мыңға тарта адам қаза тапқан. Екі ұшақ бірінен соң бірі Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасын соқты. Содырлар үшінші ұшақты Пентагон ғимаратына бағыттаған. Ал төртінші ұшақтағы жолаушылар терроршыларға қарсылық көрсетіп, ұшақ Пенсильвания штаты аумағына құлаған. Осының барлығы 102 минут ішінде болған.

31 шілде күні АҚШ-тың Калифорния штатында өрт ошағы көбейіп бара жатқандығы хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі