Таиландтан оралған ресейлік турист қауіпті инфекция жұқтырып, ауруханаға түсті

Лаборатория, медицинская лаборатория, анализы, лабораторные пробирки, лаборатории, наука, исследование, исследования, лабораторные исследования, лабораторное исследование, научные исследования, научное исследование, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 14:13 Фото: pixabay
Таиландта демалған Ресей азаматы қауіпті тропикалық инфекция жұқтырып, ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгіме мелиоидоз немесе Уитмор ауруы туралы болып отыр. Бұл – Burkholderia pseudomallei бактериясы тудыратын аса қауіпті жұқпалы дерт. Аталған бактерия негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия мен Солтүстік Австралиядағы ылғалды топырақ пен суда кездеседі.

Ресейдің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын қадағалау қызметінің (Роспотребнадзор) мәліметінше, турист Таиландта болған кезінде түрлі экскурсияларға, соның ішінде пілдер фермасына барған.

"Ресей Федерациясында Таиландтан оралған туристен мелиоидоздың импортталған жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта науқас ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған", – деп хабарлады ведомство.

Мамандардың айтуынша, мелиоидоз өлім-жітім деңгейі жоғары инфекциялар қатарына жатады. Ауру көбіне терідегі ұсақ жарақаттар арқылы ағзаға енеді. Сондықтан Таиланд сияқты елдерде жалаңаяқ жүруге немесе тоқтау суларға түсуге болмайды.

Сарапшылар бұл дерттің бастапқы белгілері тұмау немесе өкпе қабынуына ұқсайтынын айтады. Алайда аурудың ағымы әлдеқайда ауыр болуы мүмкін. Негізгі белгілері қатарында дене қызуының күрт көтерілуі, бұлшықет ауруы, жөтел, өкпенің зақымдануы және ішкі ағзаларда іріңді ошақтардың пайда болуы бар.

Инфекция ағзаға жарақат арқылы ғана емес, шаңды ауамен тыныс алу немесе ластанған суды пайдалану кезінде де жұғуы мүмкін. Әсіресе жаңбырлы маусымда қауіп күшейе түседі.

Мамандар Азия елдеріне саяхаттайтын туристерге тек бөтелкедегі суды пайдалануға, жеке гигиена талаптарын сақтауға және сертификатталмаған жануарлар фермаларына барудан сақ болуға кеңес береді.

Айта кетейік, бұған дейін Таиланд Эбола вирусының таралу қаупіне байланысты шетелден келетін азаматтарға қатысты санитарлық және медициналық бақылауды күшейткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: