Вьетнам мен Габоннан оралған алматылықтардан қауіпті инфекция анықталды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 17:04 Фото: akorda.kz
Алматыда 2026 жылдың басынан бері безгектің (малярияның) сырттан әкелінген төрт жағдайы тіркелді. Оның екеуі кейінгі бір аптада анықталған. Ауру Вьетнам мен Габоннан оралған тұрғындардан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, науқастардан безгектің екі түрі – тропикалық және үш күндік безгек анықталған.

Тропикалық безгек – аурудың ең қауіпті түрі. Уақтылы емделмесе, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Ал үш күндік безгек салыстырмалы түрде жеңіл өтеді, бірақ жұқтырғаннан кейін бірнеше ай өткен соң қайта қозуы ықтимал.

Екі жағдай да зертханалық түрде расталған. Қазір науқастар стационарда ем қабылдап жатыр. Мамандар індеттің таралуына жол бермеу үшін қажетті эпидемияға қарсы шараларды жүргізуде.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы безгек Anopheles туысына жататын жұқтырған масалардың шағуы арқылы берілетінін, ал тұрмыстық байланыс немесе ауа-тамшы жолымен жұқпайтынын еске салды.

Мамандар безгек қаупі жоғары елдерге баруды жоспарлаған қазақстандықтарға сапар алдында алдын алу шараларымен танысып, маса шаққаннан қорғайтын құралдарды пайдалануға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: