Алматыда 2026 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер белгілі болды

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, перинатальный центр, перинатальные центры, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 11:35 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Алматыда 2026 жылдың басынан бері 17 498 нәрестенің тууы тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының мәліметінше, олардың 9 116-сы – ұл, 8 382-сі – қыз бала.

2026 жылы ұл балаларға ең жиі қойылған есімдер қатарында Алан, Әлихан және Мұхаммед бар. Қыз балалар арасында Айлин, Асылым және Томирис есімдері ең танымал болды.

Мамандардың айтуынша, бүгінде баланың тууын тіркеуді бірнеше тәсілмен рәсімдеуге болады. Бала туғаннан кейін 24 сағат ішінде анасының телефонына 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келеді. Онда туу туралы құжатты проактивті форматта рәсімдеу үшін қажетті деректерді енгізу сұралады.

Сонымен қатар, туу туралы куәлікті екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, электрондық үкімет порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімдеуге болады.

Мемлекет тарапынан бала туған кезде біржолғы жәрдемақы қарастырылған:

  • бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК (164 350 теңге);
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК (272 475 теңге);
  • егіз, үшем немесе одан көп бала туған жағдайда әр балаға жеке төлем тағайындалады.

Айта кетейік, 2025 жылы Алматыда 40 846 сәби дүниеге келген. Ал 2026 жылғы 1 мамырдағы ресми дерекке сәйкес, қала халқы 2 362 463 адамды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: