Жыл басынан бері 8 мыңнан алматылыққа арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады.
Арнайы әлеуметтік қызмет ерекше қажеттілігі бар адамдарға, қарттарға, сондай-ақ өмірінде қиындық болып жатқан азаматтарға көрсетіледі.
Стационарлық жағдайда 1 402 адамға қызмет көрсетілді. Жартылай стационарлық форматта 1 399 азамат қажетті көмек алды.
Үй жағдайында 4 614 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді. Оның ішінде жалғыз тұратын зейнеткерлер мен ерекше қажеттілігі бар азаматтар бар.
Бұған қоса, 777 азаматқа, оның арасында тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге және өзге де әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға уақытша болу қызметі ұсынылды.
Қалада аталған санаттағы тұрғындарды әлеуметтік қолдау, оңалту және қоғамға бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді.