Биыл дүниеге келген нәрестелерге ең жиі қойылған 10 есім белгілі болды
Сурет: pixabay
Шымкентте биыл дүние есігін ашқан нәрестелерге ең жиі қойылған 10 есім белгілгілі болды.
Рейтингті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жасаған.
Олардың сараптауынша үздік ондыққа Ясин, София, Айрис, Айым және Медина деген қыздардың есімі енсе, ал ұл балаларын ата-аналар Мұхаммед, Тауман, Мансұр, Әбубәкір, және Ибраһим деп атағанды жөн көрген.
Жалпы мегаполисте жыл басынан бері 38 мыңнан астам сәби туылған, деп жазады qazaqstan.tv.
Оның 30 мыңының туу туралы куәлігі онлайн рәсімделсе, қалғаны халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілген.
Былтыр еліміз бойынша сәбилерге Әлихан, Алан, Әлинұр, Алан, Айша мен Айзере есімдері жиі қойылған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript