Францияда ыстықтан 18 адам қайтыс болды

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 11:53 Фото: pixabay
Францияда ыстықтан 18 адам қайтыс болды. Оның үшеуі – қарт, екеуі – аналары жеңіл машинаның ішінде қалдырып кеткен 2 және 4 жастағы бала.

Тағы 13 тұрғын – жексенбіден бері суға кеткендер.

Соңғы мәліметке қарағанда өткен тәулікте елдің батысындағы Бордода сынап бағанасы 42 градусқа жақындаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Meteo France қызметі қолайсыз ауа райы қалыптасқанын хабарлап, қауіптің аса күшейгенін ескертті. Испания, Италия, Ұлыбритания, Бельгия сияқты елдерде де аптап ыстық.

Ғалымдардың пікірінше, Еуропада күннің мөлшерден тыс ысуына Сахара шөлінде көтерілген жылы ауаның солтүстікке қарай жылжылуы мен климаттың өзгеруі себеп.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: