Польшада дүлей дауылдан бес адам қайтыс болды

Польшада дүлей дауылдан бес адам қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 15:25 Сурет: pixabay
Қолайсыз ауа-райы еуропалықтарды да әбігерге салды. Францияда су тасқынынан 200 адам оқшауланса, Польшада дүлей дауылдан 5 адам қайтыс болды.

Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан желдің кесірінен ағаштар автокөліктерге құлап, көліктің ішіндегі жолаушылар ауруханаға жетпей жан тапсырды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ауа-райының қолайсыздығынан Польшаның Оңтүстігіндегі елді-мекендерде саябақтар, тау-шаңғы кешендері жабылды.

Синоптиктер, жақын күндері тағы да дауыл соғатынын айтып, тұрғындарға мейлінше сақ болуды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: