Түркияда нацистік символикасы бар жасөспірім мешітке шабуыл жасады

Сурет: pixabay
Түркияның Эскишехир қаласында 18 жасар жасөспірім мешітке пышақ пен балтамен шабуыл жасады. Ол бас сүйегі бейнеленген маскасында және нацистік 3-ші СС "өлі бас" танк дивизиясының шевронында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cumhuriyet басылымының ақпаратынша, шабуыл салдарынан бір адам көз жұмып тағы жеті адам жарақаттанды. Ол, сондай-ақ, өзінің қылмыстық әрекетін әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен.

Қазір ұсталған адам жергілікті полиция бөлімінде тергеуде.

Алдын ала ақпарат бойынша, түрік тұтқыны әскери сипаттағы "компьютерлік ойындардың ықпалында болды".

Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, зардап шеккендерді ауруханаға жатқызды.

Бұған дейін Астанада бұрын сотты болған жігіт жасөспірімді пышақтап кеткені хабарланған болатын. 

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты