"Етін блендерге салып, тартқан". Швейцарияда сұлу келіншек аса қатыгездікпен өлтірілді

Сурет: Х/MirrorWorldNews
Швейцарияда 2007 жылғы сұлулық байқауының финалисі, 38 жастағы Кристина Йоксимович аса қатыгездікпен өлтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кристинаның қаза тапқаны туралы биыл ақпанда белгілі болды. Ол кезде оның сүйектерінің бір парасы Базель қаласының маңынан табылған. Көп ұзамай полиция 41 жастағы Томасты осы іс бойынша басты күдікті ретінде ұстады. Бұл туралы New York Post жазады.

Кристинаның күйеуі және екі қызы бар. Психикалық ауытқулары бар әрі патологиялық тұрғыда қызғаншақ Томас ақыры жұбайын тұншықтырып өлтірген. Қылмыс ізін жасыру үшін ол денені бөлшектеп, тіпті кейбірін блендермен (ет уатқыш) айналдырған. Онда да химиялық ерітіндімен ерітіп, оны сумен шайып жіберу үшін.

Сурет: X/Queen_primis

Полицияға ер адам басында мұның бәрін өзін қорғау мақсатында жасағанын айтқан, өйткені әйелі оған пышақ ала жүгірген, бірақ сараптама мұны жоққа шығарды. Сотта Томас адамдарды жақсы көру қабілетінен айырылған өте салқын қанды адам ретінде сипатталды. 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды