Трамп пен Харрис арасындағы пікірталастың алғашқы нәтижелері белгілі болды

Сурет: pixabay
АҚШ президенттігіне кандидаттар Дональд Трамп пен Камала Харрис арасындағы пікірталастың алғашқы нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The hill жаңа сауалнамасына сәйкес, Харрис қазіргі уақытта Трамптан 3,6 пайыздық тармаққа озып тұр. Пікірталасқа дейін бұл көрсеткіш 3,2 болды.

Сурет: elections2024.thehill

Еске салайық, 11 қыркүйекте Трамп пен Харрис пікірталас өткізген болатын. Ол жерде бірнеше өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ел ішіндегі экономика, көші-қон салаларынан тыс, әлемдік деңгейде шешімін таппай тұрған Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Израильдің Хамаспен қақтығысы сөз етілді. Жалпы алғанда, пікірталаста Трамп 42 минут 52 секунд, Харрис болса 37 минут 36 секунд сөз сөйлепті.

Бұған дейін 22 қыркүйекте өткен Шри-Ланка Президентінің сайлауында "Ұлттық халық билігі" оппозициялық альянсының жетекшісі Анур Кумара Диссанаякенің жеңіске жеткені белгілі болды. 

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін