Израиль Ливан жеріне басып кіруге дайындалып жатыр

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Израиль әскері құрлық арқылы Ливанға басып кіруге әзірленіп жатыр. Мұны Израиль армиясының қолбасшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе күштері Ливанның шекаралас және шалғай аудандарына соққы беруді тоқтатқан жоқ. Израиль Ливанға дүйсенбіден бері үдете соқы беріп жатыр. 72 адам қаза тапқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Басты нысана — Хезболла лидерлері мен қозғалысқа тиесілі инфрақұрылым.

Ливан болса кеше Тель-Авивке баллистикалық зымыран жіберді. Алайда Израиль жағы ракетаны атып құлатқан.

Бұл қақтығыс БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында талқыланды. Франция мен АҚШ тараптарды атысты 21 күнге тоқтатуға үндеді.

Вашингтон мен оның одақтастары шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуге баса мән беріп отыр.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді