Австралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салатын заң қабылданбақ

Фото: pexels
Австралия билігі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салатын заң қабылдауға ниетті.

Мұны премьер-министр Энтони Альбанезе мәлімдеді. Аталған заң жобасы жыл соңына дейін парламентке ұсынылады.

Мақұлданса, құжат 12 ай ішінде күшіне енуі тиіс. Әлеуметтік желіні шектеу туралы заң күші 16 жасқа дейінгі балалардың барлығы үшін бірдей болмақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл тыйымға ата-ананың қандай да бір шешімі әсер ете алмайды.

"Әлеуметтік желі балаларымызға зиянын тигізіп жатыр. Мен мұны тоқтатуға шақырамын. Мыңдаған ата-ана, ата-әже, аға, апамен сөйлестім. Олар да мен сияқты балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігіне алаңдайды. Австралиялық отбасыларға айтарым: үкімет сізді қолдайды." Энтони Альбанезе, Австралия премьер-министрі
Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетін болады