"Тәуелсіз кандидаттың жеңісі". Румынияда президент сайлауының бірінші турының нәтижесі жойылды

Сурет: pixabay
Дауыс берудің бірінші турында тәуелсіз кандидат, ультра оңшыл Кэлин Джорджеску күтпеген жерден жеңіске жетті. Алайда көп ұзамай Конституциялық сот бұл шешімнің күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Euronews басылымы Румынияда ультра оңшыл кандидат Кэлин Джорджеску мен еуропашыл, центристік саясаткер Елена Ласкони шыққан президенттік сайлаудың екінші турына екі күн қалғанда елдің конституциялық соты дауыс берудің бірінші турының нәтижелерін жою туралы шешім қабылдады.

"24 қарашада бірінші дауыс беру кезеңінде 22,9% дауыспен жеңіске жеткен Кэлин Джорджеску және 19,8% жинаған "Румынияны құтқару Одағынан" Елена Ласконимен екінші турға шықты. Президент 8 желтоқсанда дауыс беру туралы шешім қабылдауы керек еді", делінген хабарламада.

Конституциялық соттың бұлай үкім шығаруына Румынияның барлау агенттіктерінің мәліметтері түрткі болған. Бұл арада басқа елдер сайлау процесіне араласуға тырысқаны айтылады.

Бюллетеньдерді қайта санап шыққаннан кейін Конституциялық сот бұл нәтижелерді мақұлдап үлгерген. Алайда, көп ұзамай сотқа оның күшін жою туралы көптеген шағым мен талаптар түсе бастайды. 

Сайлаудың жаңа датасын үкімет белгілеуі керек.

Бұған дейін Румынияда президенттік сайлау басталғаны хабарланған болатын.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды