Гонконг робототаксиді іске қосуды жоспарлап отыр

Фото: pexels
Қытайлық Pony.ai компаниясы жақын арада Гонконгта робототакси қызметін – жолаушыларды тасымалдауға арналған ұшқышсыз көліктерді іске қосуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания бастапқыда Гонконг халықаралық әуежайының қызметкерлері үшін робототакси қызметін ашып, кейін оны қаланың орталық аудандарына дейін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп жазады South China Morning Post.

Айта кетейік, тағы бір қытайлық Baidu компаниясы да 2024 жылы Гонконгта осындай қызметті іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады, тіпті Гонконг көлік департаментінен 10 автономды көлікті Лантау аралында сынақтан өткізуге рұқсат алды.

Бұған дейін Қытай әлемдегі ең ірі автомобиль экспорттаушыға айналғаны хабарланған болатын. Қытайлық автоөндірушілер Ковид-19 пандемиясынан кейін әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі қатысуын тез кеңейтті. Сонымен қатар, неміс автомобильдерінің экспорты 2010-шы жылдардың соңында күрт төмендеді және бұрынғы деңгейіне әлі қалпына келген жоқ.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды