Германияда бетперде киген қандықол қылмыскер машина жасау фирмасында атыс ұйымдастырды

Сурет: wikipedia.org
Машина жасау фирмасының екі қызметкері бетперде киген қылмыскер қолынан қаза тапты, тағы біреуі ауыр жарақат алды. Қайғылы оқиға Германияның оңтүстік-батысындағы Бад-Фридрихсалл қаласында (Баден-Вюртемберг федералды штаты) болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

DPA агенттігінің мәліметінше, бетперде киген адам Астана уақытымен сағат 21:45 шамасында фирма ғимаратына кіріп, атыс ұйымдастырған. Полиция қылмыскерді ұстау операциясы жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен бірге, құқық қорғау органдарының бағалауы бойынша, халық үшін ешқандай қауіп жоқ. Операцияға тікұшақ тартылды.

Айта кетейік, Бад-Фридрихсалл қаласының 20 мыңға жуық тұрғыны бар.

Бұған дейін Илон Масктың ағылшын премьер-лигасындағы құрамаға иелік етуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды