Йеменде жанар-жағармай құю стансасы жарылып, 10 адам қаза тапты, тағы 65 адам түрлі жарақат алды

Сурет: Х/BenefitNews24
Йемендегі әл-Байда провинциясында жанар-жағармай құю стансасы мен газ қоймасы жарылып, 10 адам қаза тапты, сондай-ақ 65 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yemen Online мәліметтері бойынша, Сахер ауданында болған жарылыс тізбекті реакция тудырды, салдарынан көршілес орналасқан екі жанар-жағармай құю станциясы мен жақын маңдағы коммерциялық қоймалар отқа оранды.

Жарылыс кезінде жанар-жағармай құю станциясында көптеген адам болып, жарылыс кезінде қашуға тырысқан олар аласапыранға бой ұрды.

Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, жанар-жағармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 65-тен астамы жарақат алған.

"Билік жарылыстың себебін зерттеп жатыр, әзірге бұл жағы беймәлім", – деп хабарлады Yemen Online.


Бұрын хабарланғандай, Лос-Анджелестегі өрт кезінде атақты актер Мел Гибсонның 14 млн доллар болатын үйі де түгі қалмай өртеніп кеткен.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады