Түркиядағы тау шаңғысы курортындағы өрт: қаза болғандар саны айтарлықтай өсті

Сурет: бейнежазба скриншоты
Түркияның Болу провинциясындағы тау шаңғысы курортындағы өрт кезінде 76 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hürriyet Daily News басылымы Түркияның ІІМ басшысы Али Ерликаяға сілтеме жасап жазғандай, төтенше жағдайды тергеу аясында тоғыз адам, оның ішінде қонақ үй иесі ұсталған. Оның сөзінше, қаза тапқан 45 азаматтың денесі жақындарына табысталған. Басқалардың жеке басы сот-медициналық сараптама және ДНҚ сынақтары арқылы анықталуда.

Карталкая курортындағы өрт өткен түнде болды. Қонақтардың көбі дәкілерді байлап, терезе арқылы түспек болды. Енді бірлері терезеден секірген. Қазірге 51 зардап шегуші анықталды.

Сондай-ақ, шетелдік БАҚ 1974 жылы салынған қонақ үй ағашпен қапталғанын, бұл өрттің тез таралуына ықпал еткендігін жазды. Аман қалған адамдардың бірі, ғимаратта түтін детекторлары да, өрт сөндіргіштер де болмағанын айтады.

Қонақ үйде барлығы 237 адам болған.

Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.

Бұған дейін Әзірбайжанның бұрынғы Әділет министрінің комаға түсіп қалғандығы хабарланған болатын.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді