Үндістанда күйеуінің бүйрегін 6 млн теңгеге саудаға салған әйел сүйіктісімен бірге қашып кеткен

Сурет: pixabay
Калькутта тұрғыны күйеуін қара нарық арқылы бүйрегін 1 миллион рупийге (шамамен 6 миллион теңге) сатуға көндірген. Әйелі қаражат олардың қызының білімі мен үйлену тойы үшін қажет екендігіне сендірген. Алайда, сайып келгенде, әйел тек өзінің болашағының күйін күйттеген болып шықты.

Белгілі болғандай, күйеуі мұндай оғаш ұсынысқа біраз уақыт бойы келіспеген. Алайда, әйелінің сөздері жүрегіне жеткеннен кейін, бұл қадамға баруға бел буған.

Үндістанда адам ағзаларын сату отыз жылдан астам уақыт бойы заңсыз болғандықтан, ер адам бір жыл бойы қара нарықтан сатып алушы іздеді. Ал бұл уақытта оның жұбайы Facebook арқылы жаңа адаммен көңіл қосып жүрген.

Oddity Central дерегінше, қауіпті операциядан сәтті шыққан ер адам не ақшасыз не әйелсіз қалып қойған.

Осылайша ол полицияға арыз жазған. Ал, әйел болса қызы мен күйеуінің өтінішіне қарамастан оралмайтынын айтып, ажырасуға арыз берген.

Енді тәртіп сақшылары әйелдің әу баста алаяқтық ниетінің бар-жоқтығын немесе бәрі аяқ-асты болғандығын анықтауда.

Бұған дейін Австралиядағы нөсердің арты тасқынға айналып, елді қолтырауындар басқандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді