Трамп пен Путиннің Украина мәселесі бойынша байланысы: Кремль мәлімдеме жасады

Сурет: kremlin.ru
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей көшбасшысы Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина мәселесі бойынша бір-бірімен хабарласқанын растаған да немесе жоққа да шығарған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 8 ақпанында The New York Post басылымы АҚШ президенті Ресей Федерациясының президентімен Украинадағы қақтығысты реттеу  мәселесін телефон арқылы талқылағанын айтты деп жазды.

"Бұл ретте не айтуға болады: Вашингтондағы әкімшілік өз жұмысына кіріскендіктен көптеген түрлі коммуникациялар туындайды. Әрі бұл коммуникациялар әртүрлі арналар арқылы жүргізілуде. Әрине, осы коммуникациялардың көптігіне байланысты бұл жайынан хабарсыз қалуым мүмкін, яғни бір нәрседен хабардар болмауым мүмкін. Сондықтан, бұл жағдайда мен мұны растай да, жоққа шығара да алмаймын", – деді Дмитрий Песков 9 ақпанда ТАСС-тың америкалық көшбасшы инаугурациясынан кейін Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті ме деген сұрағына жауап бере отырып.

Бүгін өткен брифинг барысында Кремль өкіліне "Путинмен Трамп сөйлесті ме" деп тағы да сұрақ қойылды.

"Мен кеше бұл туралы айттым емес пе? Одан басқа ештеңе айта алмаймын. Мен мұны растай да, жоққа шығара да алмаймын", – деп жауап берді Дмитрий Песков 10 ақпанда журналистер алдында.

2025 жылдың 22 қаңтарында Дональд Трамп Владимир Путинге Украинадағы әскери қақтығысты аяқтауға шақырған болатын.

Ресей
АҚШ
Путин Владимир
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты