Бішкектегі Ұлттық кардиология орталығы қызыл жалынға оранды: науқастар көз жұмды

Сурет: Қырғызстан ТЖМ
11 ақпанда Бішкектегі (Қырғызстан) Ұлттық кардиохирургия және ағзаларды трансплантациялау ғылыми-зерттеу институтында өрт шығып, екі науқас қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан Sputnik дерегінше, медициналық қызметкерлер мен науқастарды қосқанда 260 адам эвакуацияланды.

Денсаулық сақтау министрі Эркин Чечейбаев пациенттердің бір бөлігі операциядан кейін реанимацияда болғанын айтты. Өрттен кейін олар шұғыл түрде басқа медициналық мекемелерге ауыстырылды. Тоғыз адам, оның ішінде жеті бала реанимация бөлімшелеріне жеткізілді, олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жертөледегі өрттен шыққан түтін желдету жүйесі арқылы таралып, эвакуацияны қиындатқан.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өрттің себептерін анықтау үшін ведомствоаралық топ құрылды. Сонымен қатар, Үкімет медициналық мекеменің жұмысын жедел қалпына келтіруге нұсқау берді. Оқиғаның мән-жайлары зерттелуде.

Бұған дейін елордада жеделсаты ішінде шабуылға ұшыраған бес жасар балаға ота жасалғандығы хабарланған болатын.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстан полициясы дрондарды басқаруға үйрететін арнайы зертхана ашты

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Түркияда жасырынып жүрген интернет-алаяқ Қазақстанға қайтарылды

Алматыда демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеге келушілер саны артып келеді