Брюссель әуежайының қызметкерлері ереуілге шықты

Сурет: wikimedia
13 ақпанда Бельгия астанасында Ұлттық ереуілдің басталуына байланысты елге келетін және шығатын барлық рейстер түгелімен тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметі жағдай туралы барлығын алдын ала ескертті. Көптеген авиакомпаниялар рейстерін Нидерландыға бағыттады немесе келесі күнге ауыстырды.

The Brussels Times дерегінше, өткен ереуіл бірден бірнеше секторға, соның ішінде көлік пен пошта қызметіне әсер етті. Оны елдегі ең ірі кәсіподақтар ұйымдастырып, диспетчерлерді ғана емес, сонымен қатар пошта, қоғамдық көлік және қоқыс жинайтын жұмысшыларды да қамтыды. Ереуілдің мақсаты-жалақыны көтеру, еңбек жағдайларын жақсарту және зейнетақы жағдайларын оңтайластыру талаптарына назар аудару.

Бұған дейін Таиландта итті суға лақтырған туристің түрмеге қамалғандығы хабарланған болатын.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Англияда жемқор қазақтардың мүлкін тартып алатын заң шығып, у-шу болып жатыр

"Бұршақ жауып, дауыл тұрады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі