АҚШ вице-президенті Мюнхен конференциясында Еуропалық одақтың саясатын сынады

Сурет: pixabay
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде Еуропалық одақтың саясатын сынға алып, аталған өңірдегі негізгі қауіптер сыртқы факторлармен емес, ішкі процестермен байланысты екенін мәлімдеді Zakon.kz.

Оның айтуынша, ЕО басшылығы сөз бостандығын шектеп, жаппай көші-қонға ықпал етеді және континент тарихи тұрғыда қалыптасқан дәстүрлі құндылықтардан бас тартуда, деп жазады неміс басылымдары.

Сонымен қатар Вэнс қорғаныс саласында АҚШ-қа тәуелділікті азайту қажеттілігі туралы бұрыннан айтылып жүргенді тағы қайталай отырып, Еуропа өзінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті өз мойнына көбірек алуы керек екенін атап өтті.

Вице-президенттің бұл мәлімдемелері еуропалық саясаткерлер арасында әртүрлі реакциялар тудырды. Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус мұндай  мәлімдемені "қолайсыз" деп атады. ЕО дипломатиясының басшысы Кая Каллас Вэнстің сөзін арандатушылық деп бағалады.

Оның Германия үшін Альтернатива (ГүА) партиясының өкілдерімен кездесуі Еуропалық көшбасшылардың ерекше наразылығын тудырды. Америкалық саясаткер елдің қалған партиялары аталған саяси күшпен өзара әрекеттесуден бас тартқанын атап өтті.

Вэнс Украина мәселесіне қатысты сөзінде Мәскеу келіссөздерден бас тартқан жағдайда АҚШ Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізетінін айтты.

Конференцияда Украина президенті Владимир Зеленский де сөз сөйледі. Ол Киев кез-келген уақытта "нақты келіссөздер процестеріне" қатысуға дайын екенін мәлімдеді.


АҚШ
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды