Террористер Еуропаға бағытталған террорлық актілер жайлы сайт құрды

Сурет: pixabay
Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" (ИМ) тобы неміс тілінде жаңа интернет-сайт құрды, онда Германия, Австрия және Бельгияның бірнеше қалаларында теракт ұйымдастыруға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bild басылымының мәліметінше, сайтта көшеде өтіп бара жатқан адамдарға көліктің жүргізуші орнынан алдыңғы әйнек арқылы қарайтын сурет орналастырылған.

Көшелермен келе жатқан адамдардың бет-әлпеттері боялған, борттық компьютерде келесі қала тұрғындарын "көшуге" шақыру жазылған: Берлин, Мюнхен, Майндағы Франкфурт, Вена, Брюссель, Антверпен, Зальцбург.

Басылымның ақпаратынша, Германия, Австрия және Бельгияның қауіпсіздік органдары топтың үгіт-насихат материалдарын байыпты қабылдай алады. Себебі бұл үш елде де террорлық актілер бірнеше мәрте болған, ал құқық қорғау органдары мұндай шабуылдардың дер кезінде алдын алып отыр.

Бұған дейін Израильде бірден үш автобус жарылғандығы хабарланған болатын. Сарапшылардың пікірінше, бұл лаңкестік әрекет болуы әбден мүмкін.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі