Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау 2025 жылғы мамыр айында өтуі мүмкін

Сурет: pixabay
Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын президенттік сайлау ағымдағы жылдың мамыр айында өтеді деп күтілуде. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Yonhap news дерегінше, Оңтүстік Корея елдегі ішкі саяси жағдайдың болашағын талқылауды жалғастыруда. Саяси күн тәртібінде кезек күттірмейтін үш мәселе күтіп тұр.

  1. Конституциялық Соттың импичмент бойынша қорытынды шешімі қашан шығарылады?
  2. Бұл қандай шешім болады – импичментті мақұлдау немесе жою?
  3. Егер импичмент мақұлданса, мерзімінен бұрын перзиденттік сайлау қашанға жоспарланады?

Сарапшылардың пікірінше, егер сот импичментті мақұлдаса, онда елде мерзімінен бұрын сайлау мамыр айында өтеді. Екі саяси күш те ықтимал сценарийге дайындалуда.

"Қалай болғанда да, алдағы апталар саяси оқиғаларға толы болады", – делінген басылымда.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда әуежай аумағында жолаушылар ұшағы жанып кеткендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді