Челябинскіде ірі метеориттің құлау сәті тіркелді

Сурет: wikimedia
2013 жылдың 15 ақпанында Ресейдің Челябинск қаласында метеорит құлаған болатын. Бұл табиғи құбылыс күні кеше тағы қайталанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 4:30 шамасында болған аспандағы жарықтың видеосы қаладағы ықшам аудандардың біріндегі тұрғын үй камерасына түсіп қалған, деп жазады hornews.com.

"Шамасы, болид Жерге жетпей биіктікте жарылып, талқандалған. Екіншіден, аспандағы жарылыстың сипаты бұдан бұрынғы болид жарылыстарына ұқсас болды", делінген материалда.

Болжамды метеориттің құлаған орыны әлі белгісіз.

Челябідегі метеорит 2013 жылдың 15 ақпанында Шұбаркөл өзеніне құлады. Құлау кезінде бірқатар соққы толқындары жүріп, жақын аумақтағы бүкіл ғимараттың терезелері де сынған. 500-ден аса адам зардап шеккен. Себебі метеорит жарықшақтары көктен жаңбыр секілді сау ете түскен. Ол - 1908 жылғы Тунгус метеоритінен кейінгі Жерге құлаған аспан денелерінің ішіндегі ең үлкені. 

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады