Түркиядағы халық толқуы: Ыстамбұлға кіріп-шығуға тыйым салынды

Сурет: видеодан алынды
Ыстамбұлда сыбайлас жемқорлық айыбы бойынша қала мэрі Экрем Имамоғлудың қамауға алынған сәтінде бұрқ еткен жаппай наразылық акциялары әлі жалғасуда. Осыған байланысты провинция басшылығы қалаға кіріп-шығуды шектеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"РИА Новости" хабарлағандай, Ыстамбұл провинциясының билігі қалада болып жатқан наразылық акцияларына байланысты адамдар қозғалысын шектеді.

"Ыстамбұл провинциясына заңсыз акцияларға жекелей немесе топ болып қатыспақ жеке адамдарға, топ адамға және көліктердің кіріп-шығуына тыйым салынады", - деді провинция басшылығы.

Хабарламада наразылықтарға қатысу әлеуеті қалай бағаланатыны көрсетілмеген.

Х әлеуметтік желісінде бөлісіп жатқан фотосуреттер мен видеолар адамдарды шетінен ұстау жүргізіліп жатқанына қарамастан наразылық акциялары әлі басылмай жатқанын көрсетеді.

Айта кетсек, Түркияның оппозициялық Халықтық-республикалық партиясының жетекшісі Өзгүр Өзел қамауға алынған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуды президенттікке кандидат етіп ұсынуға 15 миллионға жуық адам дауыс бергенін айтты.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды