New York Post жазуынша, Аляска Ұлттық гвардиясының тікұшағы зардап шеккендерді жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады. Құтқарушылар олардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтқан.
"Ер адамды аздап үсік шалған. Қыздардың жолы болып, киімдері құрғақ қалған. Жағдай бұдан да нашар болуы мүмкін еді",- деді подполковник Брендон Холбрук, 207-ші авиация полкінің командирі.
Апатқа ұшыраған ұшақты ұшқыш Терри Годесу тапты. Ер адам тек ұшақтың сынықтарын табамын деп ойлаған, алайда тірі қалған отбасыны көргенде таң қалған.
Бұған дейін Иранда хиджаб кимеген әйелді қамшының астына алып, оған қоса оны 18 айға түрмеге қамағандығы хабарланған болатын.