Грекияның туристік аралдары қарғын су астында қалды

Сурет: pexels
Грекияда бұрын-соңды болмаған дауыл соқты. Нәтижесінде ең танымал Парос, Сирос және Миконос аралдарын тасқын су басып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 31 наурызында Парикия мен Наусса аймақтарында нөсер жауын құйып, су тасқыны орын алды. Табиғи апат Миконос аралында алдыңғыларымен салыстырғанда әлсізірек болса да, су үй-жайға кіріп, жолындағылардың бәрін жайпап келуде.

AP агенттігінің мәліметі бойынша, аралдардағы мектептер мен балабақшалар жабық.

Жергілікті тұрғындарға үйлерінен шықпау туралы ескертулер жіберіліп жатыр.

Бұл ретте, муниципалдық қызметтер мен жеке компаниялар жолдарды тазалау жұмыстарын үздіксіз жүргізуде.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жайлы ақпарат келіп түспеген.

Бұған дейін Ыстамбұл әуежайында тегін Wi-Fi орнатылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады