АҚШ қытайлық импортқа баж салығын 104%-ға дейін арттырды

Сурет: pixabay
Fox Business телеарнасының тілшісі Эдвард Лоуренс АҚШ билігі қытайлық импортқа баж салығын 104%-ға дейін көтергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) Ақ үйдің баспасөз хатшысына сілтеме жасай отырып жазды.

"104%-дық қосымша баждар 9 сәуірден бастап күшіне енеді", – деп жазды Лоуренс.

Ол жаңа тарифтер Қытайдың АҚШ-тың баж салығына қарымта ретінде енгізген тарифін алып тастамағанынан туындағанын айтты.

Айта кетсек, күні кеше Дональд Трамп Бейжің, АҚШ тауарларына 34% баж салығын салатын райынан қайтпаса, қытай тауарларына 50% қосымша тариф енгізетінін мәлімдеген болатын. Өз кезегінде, Қытай жексенбі күні Трамптың өткен аптадағы шешіміне қарымта ретінде, америкалық өнімдерге де 34 пайыз салық енгізетінін хабарлады. Бұған ашуланған Трамп өзінің әлеуметтік желісі арқылы Қытайға ескерту жасады. Тіпті, тариф мәселесі бойынша екі жақты кездесу өткізуден уақытша бас тартатынын да айтты.

АҚШ
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған