Украинадағы АҚШ елшісі мерзімінен бұрын қызметінен кетпек

Сурет: Х/USAmbKyiv
АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк мерзімінен бұрын қызметінен кетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Financial Times мәліметі бойынша, Бриджит Бринк АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігімен саяси келіспеушіліктер себебінен Украинадан кетпек. Басылым "оның шешімімен таныс адамдарға" сілтеме жасай отырып, Бриджит Бринктің "Дональд Трамп әкімшілігімен саяси келіспеушіліктердің күшеюіне байланысты" отставкаға кететінін жазды.

Сонымен қатар, оның кетуі Украина президенті Владимир Зеленскиймен жұмыс қатынастарының нашарлауымен де байланысты болған, алайда бұл оның қызметінен бас тартуына себеп болмаған. Бринктің отставкаға кету туралы шешімімен таныс адамдар оның Трамп әкімшілігіндегі жоғары лауазымды тұлғалардың қысымына ұшырағанын айтады, олар оның Украинаға қатысты стратегиясын қолдауға дайын екендігіне күмән келтірді.

Дипломат 2022 жылғы мамыр айынан бастап Киевте АҚШ елшісі болып тағайындалды, яғни ол бұрынғы президент Джо Байденнің әкімшілігі кезінде қызметке кірісті. Бриджит Бринк АҚШ-тың Украинаға әскери көмек көрсетуін белсенді қолдаушы болған.

Бұған дейін Норвегияның әлемдегі гендерлік теңдік үшін қомақты қаражат бөлетіндігі жайлы жазған болатынбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды