Түркияда қар жауып, үсік жүрді

Сурет: pixabay
Соңғы күндері Түркияның кейбір аудандарында соңғы 30 жылдағы ең төменгі температура тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елдің ауыл шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы Х желісінде жазды.

Оның айтуынша, наурыз-сәуір айларында әртүрлі кезеңде күн күрт салқындаған, әсіресе 10-12 сәуір ауыр болған. Минус 15 градусқа дейін аяз болып, қар жауып, бұршақ түсті.

"Жекелеген өңірлерде соңғы 30 жылдағы ең төменгі температура көрсеткіштері тіркелді. Қолайсыз ауа райының салдарынан, өкінішке қарай, біз 2014 жылдан кейін алғаш рет қатты аязға тап болдық. Бұл ауылшаруашылық саласы үшін үлкен сынақ болды", - деп жазды Юмаклы.

Министр өрік, жаңғақ, жүзім, пияз және картоп өсірумен айналысатын фермерлерге оның зиян келтіргенін атап өтті, сондықтан мемлекет оларды қолдауға ниетті.

Бұған дейін ғалымдар жаһандық жылыну салдарынан Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтар мен итбалықтарға қауіп төніп тұрғанын ескерткен.  

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр

Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтеді: тағамдар 20 пайыз жеңілдікпен сатылады

Қазақстан түркі елдерімен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бөлісуге дайын – Тоқаев