Жапониядағы әуежай Hello Kitty деп өзгертілді

Сурет: prtimes
Жапонияның Кунисаки қаласында әуежай ашылды, ол алдағы алты бойы "Oita Hello Kitty әуежайы" деп аталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежай поп-мәдениетінің танымал кейіпкері – Китти есімді мысықтың атымен өзгертілді. Бұл туралы PR times порталында SANRIO Entertainment компаниясы айтты.

Сурет: prtimes

13 қазанға дейін әуежай Hello Kitty және поп-мәдениетінің өзге де кейіпкерлерінің суреттерімен безендіріледі.

Сурет: prtimes

Шілде айының соңынан қарашаға дейін әуежай мен Harmonyland тақырыптық саябағы арасында арнайы автобус қатынайтын болады. Әуежай аумағындағы дүкендерде тек Harmonyland үшін арнайы шығарылған лимиттелген тауарлар ұсынылады.

Harmonyland — Sanrio кейіпкерлеріне арналған ойын-сауық саябағы.

Сурет: prtimes

"Келесі жылы Harmonyland өзінің 35 жылдығын атап өтеді, және біз Оита префектурасы тұрғындарына осы жылдар бойы бірге жасаған естеліктеріміз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз", – деді Sanrio президенті Ая Комаки.

Қыркүйек айында Harmonyland саябағы Osaka Kansai Expo көрмесіндегі Оита префектурасының стендінде ұсынылатын болады. Осы шара аясында әуежай уақытша Hello Kitty атауына өзгертіледі. Кейіннен ол қайтадан Оита әуежайы болып аталатын болады.

Сурет: prtimes

"Біз сондай-ақ әлеуметтік желілерде арнайы науқан бастаймыз, онда адамдар Sanrio Harmonyland саябағына қатысты жазбалар жариялап, #HELLOFromOitatoTheWorld хэштегін қолданып қатыса алады", – деп хабарлады компания.

Бұған дейін Румынияда ежелі тайпаның құнды жәдігерлері табылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр