АҚШ Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөздерін доғаруы мүмкін

Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату бойынша әрекетін ешқандай ілгерілеу байқалмаса таяу күндері доғармақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 18 сәуір күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.

"Егер Украинадағы соғысты аяқтау мүмкін болмаса, біз әрі қарай жылжуымыз керек. Біз мұның мүмкін бе, жоқ па екендігін – жақын арада анықтап – мәлімдеуіміз керек",- деп атап өтті ол.

CNN жазуынша, Рубионың бұл пікірі соғысты тоқтату бойынша прогрестің жоқтығына байланысты Трам әкімшілігіне көңілі толмайтындығын білдіреді.

АҚШ-тың араласуымен жасалған энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасамау туралы ішінара келісім 17 сәуір, бейсенбіде аяқталды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

"Шынында да, бір ай өтті. Қазіргі таңда Ресей Президенті, Жоғарғы Бас Қолбасшы тарапынан басқа ешқандай нұсқау болған жоқ", – деді ол.

Бұған дейін Франция қазақстандықтар үшін Еуроодаққа визалық режимді жеңілдетуді қолдауға дайын екендігі жайлы жазған болатынбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты