Қытай маскүнемдікпен күресте жаңа айла-тәсілге көшті

Сурет: pixabay
Қытайдың Фуюань қаласындағы Үшінші халықтық ауруханада алкоголизммен күресу үшін "айықтыру чипі" енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

China Daily мәліметінше, аталмыш "айықтыру чипі" — бұл алкогольге тәуелділікпен күресуге көмектесетін дәрі-дәрмекпен толтырылған түйіршіктер жиынтығы. Капсулалар дәрілік затпен бірге тері астына кішкентай тілік арқылы енгізіледі. Оның құрамында спиртке құмарлықты азайтып, рецидивтің алдын алуға көмектесетін налтрексон бар.

Түйіршіктер ұзындығы шамамен 1 см болатын тілік арқылы жергілікті анестезиямен енгізіледі. Процедура бес минуттан артық уақыт алмайды. Препарат енгізілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң әсер ете бастайды және алты ай бойы біртіндеп бөлініп тұрады.

"Бұл пациентке бұрынғы әдеттеріне қайта оралудан сақтануға көмектеседі", – делінген басылымда.

Ең бірінші науқас — 40 жастағы ер адам, ол 20 жыл бойы күн сайын алкоголь тұтынған. Алғашында аз мөлшерде ішсе, уақыт өте келе күніне жарты литрден артық ішімдікке дейін жеткен. Ішімдіктен бас тартуға тырысқанда, мазасыздық, діріл және басқа да абстиненттік синдром белгілері пайда болған. Осы жылдар ішінде ол тоғыз рет ауруханаға түскен.

Бұған дейін Кенияда арыстанның жасөспірімге шабуыл жасап, қыздың денесін тістеген күйінде алып кеткендігі жайлы жазған болатынбыз.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды