АҚШ-та жеке үй үстіне ұшақ құлады

Сурет: pixabay
3 мамыр, сенбіде Калифорнияда бір моторлы шағын ұшақ апатқа ұшырады. Ол Сими-Велли қаласындағы Вуд-Ранч аумағындағы тұрғын үйлердің бірінің үстіне құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

LA Times газетінің хабарлауынша, ұшақ құлағаннан соң өрт бұрқ етіп, қызыл жалынға екі үй бірден оранған.

"Федералды авиация әкімшілігінің мәліметі бойынша, Vans RV-10 ұшағы тізгініндегі ұшқыш жалғыз болған. Марқұмның кім екені айтылмайды", делінген хабарламада.

Апат кезінде екі үйде де адамдар болған, бірақ олар зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Орталық Флорида әуежайында Delta Air Lines ұшағы ұшар алдында өртенген болатын. Оқыс оқиға 2025 жылдың 21 сәуірінде болды. 

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды