"Әлемдегі ең кедей президент" қайтыс болды

Сурет: ecology
2025 жылғы 13 мамырда Уругвайдың бұрынғы президенті Хосе Мухика 90 жасында өңеш қатерлі ісігінен қайтыс болды. Оның өлімі туралы қазіргі президент Яманду Орси әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мухика Латын Америкасындағы солшыл қозғалыстың маңызды тұлғасы болды

2024 жылғы желтоқсанда Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва мен оның колумбиялық әріптесі Густаво Петро Уругвайда болып, Мкхиконы өз елдерінің ең жоғары мемлекеттік наградаларымен марапаттады.

Мухика өзінің қарапайым өмір салтымен де әлемге танылды. Ол президенттік жалақысының 90%-ын қайырымдылыққа жұмсап, Монтевидео маңындағы шағын фермасында өмір сүрді. Оның жалғыз мүлкі 1987 жылғы Volkswagen Beetle көлігі болды .

2024 жылдың сәуірінде Мухика өңеш қатерлі ісігіне шалдыққанын жариялады. Қаңтар айында ауру бауырына таралғаны анықталды, және ол емделуден бас тартып, өмірінің соңғы күндерін фермасында өткізуді қалады.

Экс-президенттің өліміне байланысты Латын Америкасының көптеген көшбасшылары қайғырып, оның қарапайымдылығы мен әділеттілікке деген адалдығын атап өтті .

Бұған дейін 71 жастағы әйгілі қытайлық актер Джеки Чанның қауіпті трюктерді өзі орындауды қашан тоқтататынын жазған болатынбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі