Түркияда тағы жер сілкінді

Сурет: Indiana university
Анкараның оңтүстігінде орналасқан Кония провинциясының Кулу ауданында 15 мамырда 5,2 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы TRT Haber Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасына (Afad) сілтеме жасай отырып, хабарлады.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 15:46-да тіркелді, жер сілкінісі ошақ 18,73 шақырым тереңдікте орналасқан.

Ел астанасы мен оған жақын өңірледің тұрғындары жер тербелісін сезген. Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерлікая қазіргі уақытта сейсмикалық белсенділіктің тоқтағанын айтты.

23 сәуірде Ыстамбұлда Мәрмәр теңізінің жағалауында 6,2 баллдық жер сілкінісі болды. Оның ізімен афтершок жүрді. Апат салдарынан 236 адам зардап шекті, құрбан болғандар жоқ, сондай-ақ кең ауқымды қирандылар тіркелмеді. Түркия жер сілкінісінен жиі зардап шегетіні белгілі, өйткені ол тектоникалық плиталардың түйіскен жерінде орналасқан.  

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды