Польшада президенттік сайлау басталды

Сурет: pexels
Кезекті президент сайлауы басталған Польшада 2025 жылдың 18 мамырында дауыс беру учаскелері ашылды. Дауыс беру процесі Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі президент Анджей Дуда сайлауға қатыса алмайды, өйткені ол бұл қызметті қатарынан екі рет атқарған.

Польшаның президенттік креслосынан 13 саясаткер үмітті:

Олардың үшеуі - Тшасковский, Холовня және Якубяк 2020 жылғы президенттік сайлауға қатысқан. Екінші турда Тшасковский Дудадан шамамен 1% айырмашылықпен ұтылды.

1 маусымда өтетін сайлаудың екінші турына бәсекелестерінен үлкен айырмашылықпен "Құқық және әділеттілік" кандидаты, Ұлттық еске алу институтының директоры Карол Навроцкий және премьер-министр Дональд Тусктың басқарушы коалициясының кандидаты, Варшава мэрі Рафал Тшасковский төбе көрсетеді деп күтіледі.

Бұған дейін Израиль Йеменге тағы да әуеден шабуыл жасағаны хабарланған.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды