Илон Маск Трамптың Эпштейн ісіне қатысы бары туралы жазбасын өшіріп тастады

Сурет: TED/Marla Aufmuth
Америкалық миллиардер Илон Маск желідегі өз парақшасындағы АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты бір жазбаны өшіріп тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "бомбаны жаратын кез келді" деп басталатын "Эпштейн файлдары" туралы жазбасын.

Қаржыгер Джеффри Эпштейн кәмелетке толмағандарды жыныстық қанау және оларды жезөкшелікке итермеледі деп айыпталған.

Миллиардер бұл жазбасын 2025 жылдың 5 маусымында жариялаған болатын. Оның айтуынша, Трамптың қатысы болғандықтан "Эпштейн файлдары" деп аталатын істің мән-жайы осы уақытқа дейін беймәлім күйінде қалуда. 27 ақпанда АҚШ Әділет министрлігі бұл іс бойынша материалдардан құпия таңбасын алған болатын, алайда кейінірек аталған ведомство басшысы және Бас прокурор Пэм Бонди ФБР-ді "мыңдаған құжаттарды жасырулы ұстауда" деп айыптады.

"Мұндай парақша жоқ. Басқа нәрсе іздеп көріңіз", делінеді Масктың бұл жазбасын ашуға тырысқанда.

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының демократтары Стивен Линч пен Роберт Гарсия Масктың бұл жазбасындағы деректерді тексеруді талап етіп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Axios порталы Әділет министрлігі мен Федералды тергеу бюросына (ФБР) жолданған хаттарға сілтеме жасап жазды.

Бұған дейін Трамппен ашықтан ашық араздасқан Илон Маск бір күнде 34 млрд доллар ақшасынан қағылғанын жазғанбыз. Өз жазбасында миллиардер "Эпштейн файлдары" туралы іске Трамптың қатысы барын айтқан.

АҚШ
Маск Илон
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды