АҚШ өз азаматтарын Израильден эвакуацияламақ

Сурет: pixabay
Америка Құрама Штаттары өз азаматтарын Израильден эвакуациялауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін елшілік Иранмен қақтығыстың шиеленісуі жағдайында америкалық азаматтарды эвакуациялау немесе елден кетуге тікелей көмектесу мүмкіндігінің жоқтығы туралы айтқанына қарамастан шешім қабылданды. Сәрсенбіде АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакаби Х-дағы парақшасында тиісті мәлімдеме жасады.

"Шұғыл хабарлама! Израильден кеткісі келетін АҚШ азаматтары. АҚШ-тың Израильдегі елшілігі эвакуациялық рейстер мен круиздік кемелер арқылы эвакуация ұйымдастыруда. Сіздерге Smart Traveler Enrollment Program (STEP) жүйесінде тіркелу қажет. Ақпарат беріліп отырады", – деп жазды елші.

Еске салсақ, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Израильдің ӘӘК ядролық бағдарламаға қатысты нысандарды қоса алғанда, стратегиялық инфрақұрылымдарға соққы жасады. Израиль билігінің айтуынша, шабуылдың мақсаты – ядролық қауіптің алдын алу: барлау мәліметтері бойынша Иран ядролық қару жасау шегіне жеткен.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды