Өзбекстанда жасырын діни сауат ашу орындары көбейген

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өзбекстанда жасырын діни сауат ашу орындары көбейген. Онда негізінен кішкентай балалар оқытылады.

Жуырда сондай бірнеше "білім ошағы" әшкере болды. Әндіжан облысының тұрғыны өз үйінің жертөлесінде 20 баланы заңсыз оқытып, осы үшін ата-анасынан ақша алып отырған.

Ең сорақысы, буыны қатпаған баланы сабақ оқымағаны үшін соққының астына алатын жағдайлар да кездескен. Жергілікті дәрігерлер дабыл қаққан соң, мәселеге құқық қорғау органдары араласты.

Тағы бір өңірде 44 жастағы әйел пәтерін діни оқу орнына айналдырған, деп жазады qazaqstan.tv.

Кәмелетке толмаған 16 баланы оқытқан. Ешбір лицензиясы жоқ, оқыту әдістері негізінен ұрып-соғудан тұрған.

Үйдің шатырында, өзге де лас орындарда оқытылып келген жасөспірімдер құтқарылды. Бұл деректер бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылып жатыр.

Ата-аналарға әкімшілік жаза тағайындалды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек