Блогер екі жазылушысынан айырылғаны үшін күйеуін полицияға берді

Фото: pexels
Үндістанда ерекше жағдай орын алды. Ниша есімді блогер жазылушыларының азаюына күйеуін кінәлап, құқық қорғау органдарына арыз жазды. Алайда бұл әрекет оның жазылушыларын қайтаруға көмектеспеді, сондай-ақ отбасылық өміріне де қиындық туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Ниша Instagram желісінде белсенді контент-мейкер болған – ол күн сайын бірнеше видео жариялап отырған. Алайда мұндай белсенділік күйеуіне ұнамай, ол жұбайынан үй шаруасына көбірек көңіл бөлуді сұраған.

Ниша блогерлік жұмысын азайтқан соң, оның парақшасынан екі адам жазылудан бас тартқан. Бұл жағдай оны қатты толғандырыпты. Сондықтан ол ата-анасының үйіне оралып, әйелдерге қатысты қылмыстармен айналысатын полиция бөліміне жүгінген.

Independent басылымының жазуынша, күйеуі де полицияға келіп, өз көзқарасын білдірген. Полиция қызметкерлері тараптарды татуластыруға тырысқан. Нәтижесінде Ниша арызын қайтарып алды, алайда күйеуінің үйіне оралмады.

Бұған дейін Өзбекстанда жасырын діни сауат ашу орындары көбейгендігін жазған болатынбыз.

Қызықты
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды