Францияда қалыңдықты той үстінде өлтіріп кетті

Сурет: pexels
Францияда 22 маусымда – той үстінде қалыңдықты өлтіріп кетті. Белгілі болғандай, шаңырақ көтеру тойына қарулы адамдар баса көктеп кіріп, шабуыл жасаған. Оқиға барысында қандықол қылмыскерлердің бірі де қаза тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Sun басылымының мәліметінше, оқиға Гульт ауылында болған. Дереккөздің айтуынша, бұл қылмысқа күдіктілер есірткіге байланысты есеп айырысу салдарынан баруы мүмкін.

Шамамен таңғы 4:30-да жас жұбай тойдан шығып бара жатқан кезде, бетперде киген адамдар оларға шабуыл жасаған. 25 жастағы күйеу жігіт пен көлікте болған 13 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алды.

Прокурордың айтуынша, қылмыскерлердің қолында бірнеше қару болған. Шабуылдан кейін олар жаяу қашып кеткен. Франция үкіметі есірткі және есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейтуге уәде берді.

Бұған дейін Францияда 9 жасар қызды күйеуге бермек болған оқиға жайлы жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді