Трамп АҚШ президенті қызметіндегі өз мұрагерін атады

Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп вице-президент Джей Ди Вэнсті алдағы сайлауда республикалық партия атынан ең ықтимал кандидат деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN дерегінше, бұл туралы АҚШ басшысы Ақ үйде журналистерге мәлімдеген. Ол бұл жайында айтуға әлі ерте екенін де атап өтті.

"Ең ықтимал үміткер – ол вице-президент. Бұл туралы айтуға әлі ерте, бірақ ол керемет жұмыс атқарып жатыр. Қазіргі таңда ол – фаворит", – деді ол Вэнсті мұрагері ретінде атап.

Трамптың айтуынша, басқа да үміткерлер бар, мысалы, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.

Бұған дейін Зеленский мен Трамп телефон арқылы сөйлескен еді.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз