"Шрек 5" мультфильмінің жарыққа шығу күні тағы да кейінге шегерілді

Сурет: "Шрек 5" мультфильміндегі тизерден кадр
Universal және DreamWorks Animation компаниялары бесінші "Шрек" мультфильмінің шығу күнін 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 30 маусымға ауыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Variety ақпаратына сәйкес, бұл – бастапқыда 2026 жылғы шілдеге жоспарланған анимациялық фильмнің екінші рет кейінге шегерілуі. Студия кешіктірудің себебін түсіндірмеді.

Фильмнің басты кейіпкерлері жаңартылған графикамен бейнеленген алғашқы тизер-трейлер биылғы мамыр айында жұртшылыққа ұсынылған еді. Жанкүйерлер тизердегі анимация стиліне көңілі толмай, реніш білдірген.

"Шрек 5" анимациялық фильмі 2001 жылы шыққан түпнұсқа мультфильмнен кейін ширек ғасыр өткен соң үлкен экранға жол тартады. Одан кейін үш сиквел жарық көрді: "Шрек 2" (2004), "Шрек үшінші" (2007) және "Шрек мәңгілікке" (2010).

Бұған дейін Баян Алагөзованың Қазақстандағы ең сұлу әйелдердің көшін бастап тұрғандығын жазған болатынбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды