Желіде iPhone 17-нің бағасы пайда болды

Фото: Zakon.kz
Инсайдерлер жаңа iPhone 17 смартфондарының бағасын жариялай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

9To5Mac басылымының жазуынша, Apple өнімдерінің жанкүйерлері дәстүрлі түрде жаңа iPhone 17 моделін асыға күтуде. Жыл сайын Apple компаниясы жаңа нөмірлі iPhone желісін күзгі таныстырылымынан кейін сөрелерге шығарады. Бұл шара, әдетте, қыркүйек айында өтеді, ал смартфондар бірнеше аптадан соң сатылымға түседі.

Биыл iPhone 17 смартфондарының тұсаукесері 9 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған. Іс-шара Қазақстан уақытымен 22:00-де басталып, шамамен екі сағатқа созылады.

"Егер iPhone 17-нің таныстырылымы 9 қыркүйекте өтсе, алдын ала тапсырыс 12 қыркүйекте, жұма күні, ал ресми сатылым 19 қыркүйекте, тағы бір жұмадан кейін басталады", – деп болжайды сарапшылар.

Қазіргі уақытта iPhone 17-нің нақты бағасы белгісіз. Алайда инсайдерлік ақпаратқа сүйене отырып, шамамен қанша тұратыны туралы деректер бар.

Сурет: 9to5mac

Бұған дейін "Шрек 5" мультфильмінің жарыққа шығу күні тағы да кейінге шегерілгенін жазғанбыз.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді