Швецияда Денсаулық сақтау министрі баспасөз мәслихаты кезінде есінен танып қалды

Фото: Zakon.kz
Швецияның жаңа Денсаулық сақтау министрі Элизабет Ланн Стокгольмде өткен баспасөз конференциясы кезінде есінен танып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

SVT телеарнасының жазуынша, оқиға үкіметтегі кадрлық ауыс-түйістерді таныстыру кезінде болған. Элизабет Ланн кенет өзін жайсыз сезініп, есін жоғалтқан. Одан кейін оны залдан алып кетті.

Министрмен бірге трибунада Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон, энергетика және кәсіпкерлік министрі Эбба Буш, сондай-ақ әлеуметтік істер министрі Якоб Форсместед те тұрған.

Алдын ала мәлімет бойынша, министрдің өзін жайсыз сезінуіне қан құрамындағы қант деңгейінің күрт төмендеуі себеп болған. Осы оқиғаға байланысты баспасөз мәслихаты кейінге шегерілді.

Бұған дейін Израильдың Дохаға әуеден жасаған шабуылына байланысты тың мәліметтер пайда болғанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі