Филиппинде биліктегі сыбайлас жемқорлыққа байланысты жаппай наразылық бүлк етті

Сурет: Marianne Bermudez
Филиппин астанасы Манилада елдегі биліктің сыбайлас жемқорлық схемасына байланысты жаппай наразылықтар басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian мәліметіне сүйенсек, "Триллион песо шеруі" деп аталатын акция миллиардтаған долларлық сыбайлас жемқорлық схемасы ашылғаннан кейін басталды. Шенеуніктердің су тасқынымен күресу үшін инфрақұрылымдық жобаларға бөлінген қаражатты жымқырғаны белігілі болды.


Митингке 100 мыңнан астам адам қатысты. Олар биліктегілерді жауапқа тартуды және активтер туралы есептерді ашық жүргізуді талап етті.


Бетперде киген наразылық білдірушілер құқық қорғау органдарына бөтелкелер лақтырып, көліктердің дөңгелектерін өртеп жіберді. Полиция арасында зардап шеккендер бар.

Акциялар елдің басқа аймақтарында, соның ішінде Багиода да өтті.

Бұған дейін Канада, Ұлыбритания және Австралия Палестинаның мемлекеттілігін мойындағанын жазғанбыз

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды