Бельгия әуежайы кибершабуылдан әлі айыға алмай отыр

Фото: pixabay
Брюссель әуежайынан ұшып қонатын 70-ке жуық рейс тоқтатылды.

Естеріңізге салсақ, жұма күні кешке хакерлер жолаушыларды тіркеу мен ұшаққа отырғызу жүйелерін қамтамасыз ететін компанияға шабуыл жасап, салдарынан Еуропаның бірнеше әуежайында техникалық ақау болды.

Брюссель әуежайынан ұшып қонатын 70-ке жуық рейс тоқтатылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Себебі электрондық жүйе істен шыққалы қызметкерлер жолаушылар мен жүктерді қолмен тіркеп, үлгермей жатыр. Әуекомпания өкілдері жолаушыларға кемінде 3-4 сағат ерте келуді ескертуде.

Әуежайдың жұмысын қалпына келтіруге тағы бірнеше күн қажет дейді мамандар.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді